Испанияның бас кітапханасы қазақ әдебиетінің шығармаларымен толықтырылды

14 Шілде 2023, 00:29
698
Бөлісу:
Испанияның бас кітапханасы қазақ әдебиетінің шығармаларымен толықтырылды
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту аясында Қазақстанның Елшісі Данат Мұсаев Испания Ұлттық кітапханасының директоры Ана Сантоспен және осы кітапхананың мәдениет жөніндегі директоры Хавьер Ортегамен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар бірлескен мәдени іс-шараларды, оның ішінде көрмелер мен мастер-класстарды өткізудегі ынтымақтастық перспективаларын, баспа басылымдарын, сирек кездесетін құжаттарды цифрландыруда тәжірибе алмасуды, сондай-ақ мұрағат қызметін талқылады.

Қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау мақсатында кітапхана қорына Абайдың испан тіліне аударылған еңбектері берілді.

Анықтама: Испанияның Ұлттық кітапханасын 1712 жылы король Филипп V құрды. Кітапхана қорында 30 миллионнан астам басылым бар.

Өзгелердің жаңалығы