Испаниядағы аптап ыстықтан шамамен 240 адам көз жұмды

16 Шілде 2022, 22:27
1210
Бөлісу:
Испаниядағы аптап ыстықтан шамамен 240 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Карлос III Денсаулық институты 10-14 шілде аралығына есеп жүргізіп, корольдікте сынап бағанының тым жоғарылауына байланысты 237 адам қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі көптеген аймақта ауа-райының қауіптілік деңгейін сары (қауіпті) және қызғылт сарыға (қатты қауіпті) көтерді.

Кейбір провинцияларда дабыл деңгейі ең жоғары деңгейге көтерілді, яғни қызыл (төтенше қауіпті) түске. Ауа температурасы +45°C-қа дейін жетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы