Испанияда жалаң аяқ жүруге болатын қонақүй ашылмақ

11 Сәуір 2021, 01:54
1873
Бөлісу:
Испанияда жалаң аяқ жүруге болатын қонақүй ашылмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалаң аяқ жүру адам денсаулығына пайдалы. Испания қазіргі күні трендке айналып бара жатқан barefoot luxury тұжырымдамасын күнделікті өмірге енгізбек.

Елдің Ибица аралында Nativo Hotel Ibiza қонақүйін салып жатқан компания бұл ниетті жүзеге асыруға кірісіп те кетті.

Отель теңіз жағалауында орналасқан Siesta қонақүйі 1 мамырда ашылады. Бұл мейманхананың басым бөлігінде әдеттегі еден орнына құм төселген. Сондай-ақ айналасы жасыл желекке толы.

  Қонақүй иелері мұның барлығы келушілердің тек демалып қана қоймай, ой еркіндігіне шомуына да мүмкіндік беретініне сенімді. Сонымен қатар төрт жұлдызды қонақүйде бірнеше бассейн бар.

Өзгелердің жаңалығы