Испанияда вирус жұқтырғандар саны қайта өсті

22 Тамыз 2020, 12:20
1259
Бөлісу:
Испанияда вирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда коронавирус жұқтыру дерегі тағы да артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте қауіпті вирус 3 мыңнан астам адамнан анықталған.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осыған байланысты тұрғындар алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені санаулы күннен кейін елде жаңа оқу жылы басталады.

Бірақ билік «Ковид-19» дерегінің артуы білім беру мекемелерінің жұмысына еш әсер етпейді деп отыр.

Айта кетейік, індет басталғалы бері Испанияда 371 мыңдай кісіден инфекция анықталды.


Өзгелердің жаңалығы