Испанияда ұшатын такси қолданысқа ене бастады

28 Маусым 2023, 21:12
1276
Бөлісу:
Испанияда ұшатын такси қолданысқа ене бастады
Фото: 24.kz

Қалааларық әуе көлігі 200 шақырымды небәрі 4 минутта еңсереді. Бұл такси-ұшақтардың тағы бір артықшылығы электрден қуат алады яғни қоршаған ортаға зияны аз. Испанияның Майорка қаласы мен Ибица аралы арасында ұшатын такси қатынай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеке көлік компаниясы өнімінің қызметі арзан емес: таксидегі орын саны бесеу, бір жолаушы 710 еуро төлейді, бұл шамамен 342 мың теңге.

Біз пилоттық жобаны бір ай бойы сынақтан өткіземіз. Егер сұраныс көп болса, такси Испанияның басқа да қалалары арасында қатынайды. Бұл электрлі қозғалтқышпен жүретін тікұшақтардың жаңа буыны, - дейді өндіріс компаниясының бас директоры Карлос Поведа.

Пилоттық жобаны бастау үшін мамандар бес жыл бойы тер төккен. Қауіпсіздік өз алдына, ұшатын таксилердің логистикасын ұйымдастыру да – аса шеберлікті талап етті. Мамандар мұны интеллектуалдық транспорт түріне жатқызып отыр, өйткені көлікті құрастыру кезінде аэроғарыштық технологиялар мен инновациялық шешімдер қолданылған.

Бастапқыда бір ұшақтың салмағы 720 кг еді, ал қуаты небәрі 60 шақырымға ғана жететін. Қазір біз оның салмағын 550 кг-ға дейін түсірдік, нәтижесінде 200 шақырымды оңай еңсере алатын болды, - деді техникалық директор Хавьер Ромо.

Өзгелердің жаңалығы