Испанияда қонақ үйде өрт шықты

14 Ақпан 2022, 09:25
1250
Бөлісу:
Испанияда қонақ үйде өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Барселона қаласындағы қонақүйлердің бірінде өрт болды, деп жазды «Хабар 24». 

Оқиғадан 1 адам мерт болып, тағы 8-і түрлі жарақат алған. 

Бірнеше адам ауыр халде ауруханаға түсті. Қызыл жалыннан қашқан іштегі меймандар терезеден секіре бастаған. Кейбіреулерін мамандар эвакуациялады. Өрттің шығуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі жалғасып жатыр.
 

Өзгелердің жаңалығы