Испанияда парламенттік сайлау өтеді

10 Қараша 2019, 13:43
1330
Бөлісу:
Испанияда парламенттік сайлау өтеді

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Испанияда жексенбі күні елді саяси дағдарыстан шығаруды көздейтін кезектен тыс парламенттік сайлау өтеді. 

Болжамдарға сүйенсек Испан социалистік жұмысшы партиясы бірінші орынға шығуы тиіс, бірақ үкіметті толығымен жасақтай алмайды.

Сапапшылардың сөзінше билікті орналастыруда көбіне каталондық дағдарыс әсер етті. Дербес қоғамда наразылықтар азаймай отыр. Жақында ғана көшеге жүздеген адам митингіге шығып, аймақтың корольдік құрамынан шығуын талап етті.  Акцияны "Демократиялық цунами" атты радикалды қозғалыс пен республиканы қорғау комитеті ұйымдастырды.

Мадрид жауап ретінде дауыс беру кезінде тәртіпті қадағалау үшін қосымша полиция жасақтарын жіберді. Ел билігі сайлауға кедергі жасағандарды қылмыстық жауапқа тарту мүмкін екенін ескертті. 

Осымен Испанияда сайлау бір жылда екінші рет өткізіліп отыр.
Өзгелердің жаңалығы