Испанияда мыңдаған адам шеруге шықты

16 Қазан 2022, 17:47
1350
Бөлісу:
Испанияда мыңдаған адам шеруге шықты

Мадрид көшелеріне жиналған жұрт зейнетақы мен жалақыны өсіруді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Елдегі инфляцияның шарықтауы жұртты әбден титықтатып жіберді. Қыркүйек айында тұтынушылық баға 8, пайызға өскен. Сарапшылардың сөзінше, биыл Испанияда инфляция шілде айына қарағанда төмендесе де, халықты қымбатшылық қысып барады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, елде электр энергиясының бағасы мен азық-түлік құны күн санап аспандап барады. 

Мұндай бағаның күрт өсуі Испанияда 1994 жылдан бері болмаған екен.  Шеруге шыққан жұрт қазір ақшалары тамақ пен жолдан артылмайтындарын айтады. Енді Қаржы министрлігі келесі жылға бюджет мөлшерін арттырып,  әлеуметтік шығындарға бөлінетін қаражатты өсіруді көздеп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы