Испанияда көлікке антирадар ілген жүргізушілер айыппұл төлейді

4 Маусым 2023, 02:40
993
Бөлісу:
Испанияда көлікке антирадар ілген жүргізушілер айыппұл төлейді
Фото: baq.kz

Испания жүргізушілерге антирадар детекторларын қолдануға қатаң тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер полиция көліктен мұндай құрылғы байқаса 30 мың еуро айыппұл салады. Жаңа ереже осы айда күшіне енді. Испания қоғамында көлікке антирадар тағу мәселесі – жылдар бойы талқыланып келген өзекті тақырып. Енді осы мәселеге нүкте қойылды. Радиолокациялық детекторларды пайдалану өрескел заң бұзушылық ретінде қарастырылатын болды. Бұл «Автокөлік құралдарының қозғалысы мен жол жүру қауіпсізді туралы» заң жобасындағы толықтыру мен түзетулерге енгізілді. Десе де Google Maps сияқты мобильдік қосымша мен сигналдық құрылғы әрі радиолокациялық детекторларды бір-бірімен салыстыруға келмейді.

Радар детекторлары – жүргізуші жылдамдығын жасыратын және сол арқылы жол полициясының жұмысына жылдар бойы кедергі келтіріп келетін құрал. Мысалы детекторлар полиция қолындағы радарға арнайы шу және кедергі келтіріп, радиожиілік сигналдарының жұмысын бұғаттайды. Мұндайға о бастан қатаң шара қабылдауды талап еткенбіз, - дейді заңгер, қоғамдық белсенді Адриан Агирре.

Ал антирадардық мобильдік қосымша заң бұзушылық болып есептелмейді. Өйткені жолдағы кептеліс не болмаса камера әрі жол апатын көрсететін ақпарат жол қозғалысының басқармасында ресми таратылады. Алайда жүргізуші жолдағы камера қызметіне кедергі келтіріп, түрлі радиосигналдар арқылы жылдамдығын жасырса, әрі көлігінің ішінде детекторды алып жүрсе, заңды бұзғаны болып есептеледі.

Айта кетейік, автомобиль – әлемдегі ең қауіпті көлік. Әр 24 секунд сайын әлемде жол-көлік апатынан бір адамның өмірі қиылады екен. Еуропа оның ішінде Испанияда жыл сайын жүргізушіге қойылатын талап күшейіп келеді. Ең алдымен, жүргізушіге түсетін салық көлемі біздікімен салыстыруға тіпті келмейді. Мысалы, заңның бәрін біле тұра, антирадар детектерін тұлпарыңызға арнайы кәсіби орнатып алған болсаңыз, салық 30 мың еуроны құрамақ. Ол біздің ақшамен – 14 млн 340 мың теңге.

Өзгелердің жаңалығы