Испанияда карантиннің күшеюіне байланысты наразы топ митингке шықты

1 Қараша 2020, 11:58
1423
Бөлісу:
Испанияда карантиннің күшеюіне байланысты наразы топ митингке шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде осымен екінші күн тәртіпсіздік орын алуда. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Қарсылық акциясына шығушылар Барселонада полицияға тас атса, Логроньо қаласының тұрғындары дүкендерді тонай бастаған. Тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткендер қоқыс контейнерлерін де өртеді. Митингтке шыққандардың дені жастар. Арнайы жасақ тәртіп бұзушыларды тезге салу үшін резеңке оқ атып, күш көрсетуге мәжбүр.

Елдің прмьер-министрі  Педро Санчес жастарды бұл бассыздықты доғаруға шақырды.

Тек санитарлық талаптар мен адамдардың жауапкершілігі арқылы ғана елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға болады. Тәртіпсіздік шешім емес, деді ол.

Өзгелердің жаңалығы