Испанияда қар құрсауында қалғандарға азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр

12 Қаңтар 2021, 09:27
1398
Бөлісу:
Испанияда қар құрсауында қалғандарға азық-түлік тікұшақпен жеткізіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалың қар құрсауында қалған Испанияда құтқарушылар көлік қатынасы қиындаған аудандарға COVID-19 -ға қарсы вакцина мен азық-түлікті тікұшақпен жеткізіп жатыр, деп жазды «Хабар 24». 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан 400-ден астам жол жабылып қалған. Күн райының қолайсыздығынан бірнеше рейс кейінге шегерілді. Салдарынан жүздеген жолаушы сапарына шыға алмай қалды. Апаттан 4 адамның мерт болғаны белгілі. 

Жедел жәрдем қызметінің мамандары Испанияның орталығында қарлы боран салдарынан жолда қалған 1500 тұрғынды құтқарған. Бұл шараға дәрігерлер үшін 150-ден астам техника бөлінді. Жергілікті билік тұрғындарды үйден шықпауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы