Испанияда экстремал жігіт 33 қабатты мұнараға өрмелеп шықты

6 Желтоқсан 2020, 01:34
1067
Бөлісу:
Испанияда экстремал жігіт 33 қабатты мұнараға өрмелеп шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияның Барселона қаласында жүрек жұтқан экстремал жігіт көкпен таласқан ғимараттың басына шықты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.

Бір таңқаларлығы, 20 жастағы Джордж Кинг жоғарыға көтерілер алдында қандай да бір сақтандыру құралын алмаған. Кинг биіктігі 144 метр болатын 33 қабатты мұнараға өрмелеп шықты. Болған жағдайды тек халық емес, тәртіп сақшылары да бақылап тұрған. Өрмекші адам төмен түскен кезде полицейлер одан құжат талап етіпті.

Бұл Джордж Кинг бағындырған бірінші биіктік емес. Былтыр ол Лондондағы зәулім ғимараттың төбесіне шыққан еді.

Өзгелердің жаңалығы