Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда пандемия салдарынан жұмыссыздар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің еңбек министрлігі жыл басынан бері 76 мыңнан аса тұрғынның осы қатарды толықтырғанын хабарлады. Осылайша бүгінде 4 млн-ға жуық испандық нәпақасыз отыр.
Аймақтағы қайырымдылық қорларға қол жайып келгендер де көбейген. Әлеуметтік қамсыздандыру ұйымының хабарлауынша, қаңтарда 40 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бірақ еңбек нарығындағы 219 мың жұмыс орны қысқарып қалды. Аурудың үшінші толқыны жағдайдың оңалуына кері әсер етеді. Таяуда Каталонияда Оңтүстік Африкада шыққан ковидтің жаңа штамы анықталғандықтан, Мадридтегі жағдай тіпті ушыққан.