Ислам ынтымақтастығы ұйымында бірыңғай Еңбек орталығы құрылады

зербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (бұдан әрі – ИЫҰ) еңбек министрлерінің 5-конференциясы шеңберінде ИЫҰ Еңбек орталығын құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ

 ҚР ЕХӘҚМ 24 Қараша 2023 2023, 00:28
24 Қараша 2023 2023, 00:28
958
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (бұдан әрі – ИЫҰ) еңбек министрлерінің 5-конференциясы шеңберінде ИЫҰ Еңбек орталығын құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бірыңғай Еңбек орталығы еңбек жағдайларын жақсартуға, әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге және осы орталыққа қатысушылар арасында тұрақты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға жәрдемдесу үшін ұжымдық платформаға айналады.

Қазақстандық делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова бастап барды. Конференция аясында ол Әзербайжан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегі әріптестерімен кездесу өткізіп, әлеуметтік саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - деп жазылған мәліметте.

Сондай-ақ, Қазақстан Еңбекминінің өкілдері Әзербайжанның медициналық-әлеуметтік сараптама және оңалту, әлеуметтік қызметтер агенттіктерінің практикалық қызметімен және ақпараттық жүйелерімен, DOST орталығымен, TABIB медициналық мекемелерін басқару жөніндегі бірлестігімен танысты.

Наверх