Ислам Сәтбаев Германиядағы Әлем кубогында үздік ондыққа енді

11 Маусым 2025, 22:45
549
Бөлісу:
 Ұлттық олимпиада комитеті
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтбаев Германияның Мюнхен қаласында өткен оқ атудан Әлем кубогы кезеңінде үздік нәтижелердің бірін көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстандық мерген үш позициядан 50 метрден шағын калибрлі мылтықтан ату бойынша жарыстың финалына өтіп, 419.1 ұпай жинап, алтыншы орын иеленді.

Жарыс жеңімпаздары:

  • Джон-Герман Эгг (Норвегия) – 464.1
  • Илья Марсов (Ресей) – 462
  • Джири Привацки (Чехия) – 452

Бұған дейін жарыстың тағы бір күнінде қазақстандық Валерий Рахымжан 10 метрге пневматикалық тапаншадан ату бойынша екінші орынды жеңіп алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы