Ішкі істер министрі Мәжілісте хабарлама жасады

14 Наурыз 2022, 11:13
1261
Бөлісу:
Ішкі істер министрі Мәжілісте хабарлама жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қару тапсыру мәселесіне қатысты хабарлама жасады.

Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын! – деді министр.

Ахметжанов кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады.

Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Еске сала кетейік, ІІМ басшысы республика бойынша арнайы «Қару» операциясы жалғасып жатқанын айтты. Оның барысында 1 215 қару және 22 мың оқ-дәрі қайтарылды. Сөзінше, азаматтар ерікті түрде 120 қару тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы