"Ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз". Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның сөзіне жауап берді

5 Ақпан 2024, 14:11
6231
Бөлісу:
"Ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз". Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның сөзіне жауап берді
VIDEO
Фото: Нағима Есқалиеваның Instagram парақшасы

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның өзіне қатысты айтқан сөзіне жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасына Нағима Есқалиева мен Роза Рымбаеваның видеосын жариялады. Онда өнер иелерінің дүйім жұрт алдында сөйлеп тұрғанын көруге болады. 

Халық әртістері көп болсын. Көп болған сайын, шығармашылық бәсеке де арта түседі. Осылайша, қызық болады. Әйелдер арасында Халық әртістері - сен, мен және Мақпал. Бірақ біз барлығымыз әртүрліміз, - деді Рымбаева. 

Оның сөзін Есқалиева бөліп жіберді.

Мақпал одақ (авт. - Кеңес одағы) деңгейдегі халық әртісі емес, - деп атап өтті ол.

Мұны естіген Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваға "сәлемін" жолдап, өз еліне құрметті екенін айтты.

Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз, мен өз еліме құрметтімін, - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде "Қазақстанның халық әртісі" атағына ие 51 адам бар. Олардың 44-і мемлекеттік мәдениет мекемелерінде жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы