Исатайдың аруағынан ұят болды: Атыраудағы жолдың жыры қашан бітеді?

17 Қазан 2022, 11:30
3476
Бөлісу:
Исатайдың аруағынан ұят болды: Атыраудағы жолдың жыры қашан бітеді?

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Берік Дүйсенбинов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Егер сізге ол жерге бару қиын болса, біз кеше ғана сол жерден келдік. Сенбі-жексенбі күндері Атырау-Астрахань жолын өз көзімізбен көріп, аяғымызбен басып көрейік деп әдейі бардық. Жаңа сіз айтып отырған  2023 жылы бітіреміз деген әңгімеге күмәнім бар. Жолдың үстінде жұртта қалған арба сияқты әрбір жерде ғана домалатқыш тұр. Қайнап жатқан жұмысты көрген жоқпыз, - деп ағынан жарылды мәжілісмен. 

Айтуынша, Атырау облысындағы жолдың халі мүшкіл. 

60 шақырым деген жұлма-жұлма жолдың бойында жүру үшін емес, сынған автокөліктерін жөндеу үшін ғана тоқтайды. Біз өз көзімізбен көріп отырмыз. Жолмен жүріп келе жатсаңыз, жолдың екі жағында бір ғасырдан артық мұнай өндіріп отырған елдің жағдайы осындай. Жолдың бойында Исатайдың басынан, тұщы бұлақтың, батырлардың, Құрманғазының басынан өтесіз. Солардың аруақтарынан ұят болды. 250 шақырым жол қашан бітетінін айтыңызшы?! - деді Берік Дүйсенбинов министрге қарата. 

Министр Өскенбаев та өз уәжін айтты. 

150 шақырымы биыл бітеді, 117 шақырымы келесі жылы бітеді. Мен болмады деп айтуға болмайтын шығар. Осында отырған депутаттармен бірнеше рет бардық. Орынбасарым айына бір рет барады, - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы