Державалар арасындағы мүдделер қақтығысының өзектілігі артты – Кейн

15 Қараша 2021, 11:59
650
Бөлісу:
Державалар арасындағы мүдделер қақтығысының өзектілігі артты – Кейн

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Халықаралық бейбітшілік орталығының бұрынғы вице-президенті Ангела Кейн «Астана клубының» алтыншы отырысының сессиясында айтты.

БҰҰ мен ұлттар лигасы ұйымдары әлем деңгейінде қақтығыстардың алдын алу үшін құрылған. Бірақ осы екі ұйым да бейбітшілік қағидаттарын толық түрде жүзеге асыра алған жоқ. Себебі ірі державалар арасындағы көптеген қақтығыстың алдын ала алмады. Сондықтан қазіргі кезде БҰҰ-ның 5 мемлекет қана қатысатын Ветоны салу жүйесі бар. 76 жыл бұрын ол құрылған еді. Соңғы 30 жылдың ішінде ірі геосаяси өзгерістер болды, - деді Кейн.

Ол атағандай, жаңа ұйымдар мен жаңа мемлекеттер пайда болды.

Еуропа, Африка одақтары мен жаңа факторлар пайда болды. Халықаралық аренада бұл факторлар жалпы халықаралық қаржы жүйесіне қауіп төндіруде. Қазіргі кезде криптовалюта сынды мәселелерді алға қойып отырмыз. Қазір ел үкіметтері бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатыр. Жалпы саяси процестер қоршаған ортаны қорғау мен ұлттық мүдделерді қосады. Әсіресе, пандемия жағдайында әлем үлкен соққы алды, - деді ол.

Ангела Кейн геосаяси мәселе де өте өзекті болып отырғанын айтты.
Ірі державалар арасындағы мүдделер қақтығысы факторларының өзектілігі артып отыр. Қазір Американың полеризациясы мен әлемге көрсететін ықпалы маңызды болып отыр. Қазіргі кезде Америка жаһандық супер империя емес. Ресей және Қытай сол билік вакуумын толтырмақ болып жатыр. Қытайға да абайлап қарау керек. Себебі Қытайдың ішінде өзіндік бір қысым бар. Оған әртүрлі факторлар әсер етеді. Сондықтан Қытаймен белгілі бір қақтығыстар орын алуы мүмкін. Азия Қытай билігінің көбеюіне байланысты өзінің әлемдегі рөлін күшейтіп жатыр, - деді Ангела Кейн.
Өзгелердің жаңалығы