Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім ұзартылды

11 Қаңтар 2023, 15:44
1031
Бөлісу:
Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім ұзартылды

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ресей мен Беларуське қатысты қабылданып жатқан шектеу шараларын ескере отырып, еуразиялық әріптестермен бірлесіп Дағдарысқа қарсы шаралар тізбесі бекітілді. Нарықты қажетті азық-түлікпен жетілдіру және бағаның өсуін тежеу мақсатында импорттың 1300-ден астам тауарына кедендік баждар алып тасталды, - деді Сауда және интеграция министрі.

Сонымен қатар Жұманғариннің мәлімдеуінше, Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім 2025 жылға дейін ұзартылды.

Ол қазақстандық экспортты 9,3%-ға ($282,7 млн-ға дейін) өсіруге мүмкіндік береді. Индонезиямен және Біріккен Араб Әмірлігімен келісім жасау жоспарлары бар, мұнда бағаланатын экспорттық өсім 1 млрд. доллардан асады. Алдағы уақытта өзара тиімді кооперациялық жобалар мен көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту міндеттері тұр, - деді вице-премьер Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Өзгелердің жаңалығы