Иранда су тасқыны болды: бір адам қаза тауып, екі адам із-түзсіз жоғалды

Голестан провинциясында сел жүріп, үш ауылмен байланыс үзілді.

 Fars 11 Қазан 2026, 15:24
11 Қазан 2026, 15:24
92
Фото: Fars

Иранның Голестан провинциясында су тасқыны мен сел салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екі адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы «Фарс» агенттігі хабарлады.

Голестан медициналық ғылымдар университетінің мәліметінше, табиғи апат провинцияның бірнеше елді мекеніне, соның ішінде Минудешт қаласына зардабын тигізген.

Сел жүріп, су тасқыны болғандықтан, Минудешт ауданындағы үш ауылмен байланыс толық үзілген.

Наверх