Иранда екі пойыз соқтығысып, 11 адам жараланды

22 Желтоқсан 2021, 21:58
1129
Бөлісу:
Иранда екі пойыз соқтығысып, 11 адам жараланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран астанасы Тегеранда екі пойыз соқтығысып қалды. Оқиға Читгар ауданында орын алған, деп жазды Хабар24.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша теміржол көлігі шойын жолдан шығып кеткен. Құтқарушылардың айтуынша 11 адам жарақат алды.

Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.  1 адам ауыр халде жатқаны белгілі. Мамандар зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастырып жатыр. 
 

Өзгелердің жаңалығы