Иранда аптап ыстық үшін екі күндік демалыс жарияланды

3 Тамыз 2023, 17:40
609
Бөлісу:
Иранда аптап ыстық үшін екі күндік демалыс жарияланды

Иранда аптап ыстық салдарынан екі күндік демалыс жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер сәрсенбіден бастап жұмыс күнінен тоқтатуға мәжбүр болған. Бұған себеп – ел аумағында ауа температурасы 40 градустан жоғарылауы.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі адамдарға қатты ыстық туралы ескертіп, денсаулықтарына мән беруге шақырып отыр. Ал медициналық орталықтар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшкен.

Аптап ыстыққа байланысты азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында үкіметтік кеңес ведомствоның бүкіл елдегі кәсіпорындарды сәрсенбі және бейсенбі күндері жабу туралы шешіммен келісті, - дейді Иран үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Бахадори Джахроми.

Электр энергиясына сұраныстың артуына байланысты сейсенбі күні бірнеше электр станциясы істен шыққан. Кейбір қалаларда электр қуатын беруде кедергілер орын алды.

Өзгелердің жаңалығы