Иран келіссөз бастамайынша, санкция алынбайды – Трамп кеңесшісі

13 Қаңтар 2020, 11:17
1584
Бөлісу:
Иран келіссөз бастамайынша, санкция алынбайды – Трамп кеңесшісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дональд Трамп Иран келіссөз жүргізе бастағанша санкцияларды алып тастамайды. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен мәлімдеді.

О'Брайеннің айтуынша, Трамп әкімшілігі "қандай жағдай болмасын алынбайтынын (санкциялар алып тасталмайтынын)" білдірді.
Егер келіссөз жүргізгіңіз келсе, онда алдымен бірдеңеден бас тартыңыз, жай келіссөз жүргізуге артықшылық болу үшін, - деді Трамптың кеңесшісі Axios порталына берген сұхбатында.
Бізге келіссөз керек емес... Біздің экономикамыз керемет. Ирандықтарға келіссөз керек. Неге біз бірінші болып бас тартуымыз керек? – деп қосты О'Брайен.
Өзгелердің жаңалығы