Иран генералының жаназасында 56 адам қайтыс болды

8 Қаңтар 2020, 08:45
3734
Бөлісу:
Иран генералының жаназасында 56 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Керман қаласының алаңында генералмен қоштасуға мыңдаған адам жиналды. Салдарынан ине шаншар жер қалмай, халық қозғалысы шектелді. 

Ислам революциясының жасақ корпусына қарасты Аль-Кудс арнайы жасағының командирі, генерал Касем Сулейманиді ақтық сапарға шығарып салу кезінде халық сығылысып, аяқ басар жер болмады. Салдарынан 56 адам қайтыс болды. Бұл туралы 7 қаңтарда Иранның Шұғыл көмек ұйымының басшысы Пирхосейн Куливанд мәлімдеді, - деп хабарлады IRIB телекомпаниясы.

Куливандтың айтуынша, генерал Сулейманимен қоштасу кезінде 56 адам қайтыс болды және 213 адам зардап шекті.
Өзгелердің жаңалығы