Иран билігі хиджаб кимеген әйелдердің қудаланатынын мәлімдеді

2 Сәуір 2023, 09:55
802
Бөлісу:
Иран билігі хиджаб кимеген әйелдердің қудаланатынын мәлімдеді
Фото: Ebrahim Noroozi / AP

Иранда халық тағы наразылық шерулеріне шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың ұраны: "Әйелдер. Өмір. Бостандық". Reuters агенттігі сот жүйесі басшысының сөзін былайша келтірді. Голамхоссейн Мохсени Эджеидің айтуынша,  қоғамдық орындарда хиджабсыз жүретін әйелдер қудалауға ұшырап, жазаланады.

Хиджабты шешу біздің ұлттық құндылықтарымызға қастандық жасаумен тең, - деп мәлімдеді шенеунік. 

Мемлекет басшысы Эбрахим Раиси де елде хиджаб киіп жүру заңды талап екенін атап өтті.

Жалпы бұл мемлекеттегі наразылық шерулері 2022 жылдың қыркүйегінен бері тоқтамай келеді. Оған 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды. Еске салсақ, полиция бойжеткенді "хиджабты дұрыс кимегені үшін" тұтқындаған еді, салдарынан ол ауруханадан бірақ шыққан. Ресми ведомстволардың хабарламасына сәйкес,  Аминиде инсульт болған. Дегенмен шеруге шыққандар мұнымен келіспейді. Олардың ойынша, полицейлер қызды ұрып-соққан. 

Өзгелердің жаңалығы