Иран 2000 шақырымды еңсеретін камикадзе-дронын таныстырды

Иран жаңа қаруын көрсетіп, АҚШ-қа сес көрсетті.

Бүгiн 2026, 14:17
АВТОР
 BILD Бүгiн 2026, 14:17
Бүгiн 2026, 14:17
187
Фото: BILD

Тегеранда ұшу қашықтығы 2000 шақырымға дейін жететін жаңа Arash-3 камикадзе-дроны таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ BILD-ке сілтеме жасап.

Иран тарапының мәлімдеуінше, бұл аппараттың мүмкіндігі оған Тель-Авив аумағына дейін жетуге жол ашады. Дронның таныстырылымы Иран астанасында өткен «Иранға адалдық» атты митинг аясында ұйымдастырылды.

Ұшқышсыз аппараттың атауы парсы мифологиясындағы алысқа жебе атқыш ретінде танымал садақшы Араш есімімен байланысты.

Дереккөз мәліметтері бойынша, Arash-3 дроны салмағы шамамен 150 килограмм болатын жарылғыш бөлікті тасымалдай алады және сағатына 600 шақырымға дейін жылдамдықпен ұшады. Аппараттың ұзындығы шамамен 3,5 метрді, ал қанат жаймасы 2,5 метрді құрайды.

Айта кетерлігі, дрон спутниктік деректер мен ішкі траекториялық есептеулерді қолданатын навигациялық жүйемен жабдықталған. Бұл оған тіпті GPS сигналы болмаған жағдайда да ұшуды жалғастыруға мүмкіндік береді. Иран билігі бұл дронның алыстағы нысаналарды жоюға арналғанын алға тартуда.

Сондай-ақ, бұған дейін осындай қашықтық сипаттамалары Arash-2 моделіне де тән екені хабарланған болатын.

Жаңа қару-жарақтың таныстырылымы Парсы шығанағы аймағындағы АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс жағдайында өтуде.

Бұған дейін Вашингтон Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Бостандық жобасы» (Project Freedom) операциясының басталғанын жариялаған еді. Бұған жауап ретінде Тегеран АҚШ-тың кез келген әрекетін оқ атуды тоқтату режимін бұзу ретінде қарастыратынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Трамп Иранға «Жер бетінен жойып жіберемін» деп қатаң ескерту жасады. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Ормуз бұғазында шиеленіс: Америка кемесіне зымыран атылды

Трамп Иранның жаңа бейбіт ұсынысын қабылдамады

Парсы шығанағында шиеленіс күшейді: Иран кемелер мен порттарға соққы жасады

Наверх