Ипотекалық үйлер алғаш Индерде салына бастады – Атырау облысы

20 Маусым 2021, 03:35
2194
Бөлісу:
Ипотекалық үйлер алғаш Индерде салына бастады – Атырау облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы аудандарының ішінде Индерде бірінші болып ипотекалық үйлер салынуда. «Көктем» шағын ауданындағы 11-алаңда жалпы ауданы 7503 шаршы метр болатын 160 пәтерлік жеті үй салынуда, олар жалға және несиеге беріледі, деп хабарлайды azh.kz.

Құрылыс жұмыстары «Еврострой-А» ЖШС және «ОңдасынСтрой» ЖШС мердігерлігімен сәуір айында басталды.

Айта кетейік, 80 пәтерлік (екі бөлмелі 40 және үш бөлмелі 40 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы «ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкі» АҚ арқылы халыққа ипотекалық негізде жекеменшікке ұсынылатын болады, қалғаны – жалға берілетін баспана.

«Көктем» ықшамауданындағы жаңа учаскенің алғашқы үйлері жаздың ағына дейін тапсырылады. Жалпы Индер ауданы бойынша тұрғын үй кезегінде 1424 адам тұр. 

Өзгелердің жаңалығы