Инвестициялық жобаларды іріктеу қалай жүргізіледі

30 Қазан 2020, 17:09
1653
Бөлісу:
Инвестициялық жобаларды іріктеу қалай жүргізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрияландыру картасының және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ымдастырудың бас схемасын ескере отырып қаралады.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Бас схема – аумақтық жоспарлаудың негізгі құжаты. Ол халықты қоныстандыру; өндіргіш күштерді орналастыру; инженерлік, көліктік, туристік-рекреациялық инфрақұрылымды дамыту, ұзақмерзімді кезеңге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалық ұсыныстарды қамтиды.

Қағидаларға сәйкес жергілікті уәкілетті органдар өтінімдер тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жобалардың Бас схемаға сәйкестігіне құжаттарды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолдайды.

Инвестициялық жобаларды қарау кезінде жобаланатын өндірістің өңірдің экономикалық мамандануына сәйкестігі, шикізат базасының, өткізу нарығының, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің болуы, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздіктің сақталуы талданады.

Өзгелердің жаңалығы