Интимдік бейнежазбаны таратпауы үшін 1 млн сұраған қылмыстық топ құрықталды

26 Маусым 2023, 18:26
733
Бөлісу:
Интимдік бейнежазбаны таратпауы үшін 1 млн сұраған қылмыстық топ құрықталды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Тараз қаласының полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі жас жігіт бір топ адам бопсалау және қоқан-лоқы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпағаны үшін оның 990 000 теңге көлеміндегі ақшасын иемденгенін айтты.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 1994, 1995, 1999 және 2004 жылы туған төрт азаматты анықтап, ұстады. Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. 24 пен 28 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалғанына қатысты "ешқайда кетпеу туралы" жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды, - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы