Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды

24 Мамыр 2024, 20:33
392
Бөлісу:
Интерполдың көмегімен 3 жасар бала Қазақстанға қайтарылды
Фото: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен және Анталиядағы қазақстандық консулдықпен бірлесіп, 3 жасар баланы елге қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Бүлдіршінді анасының хабарынсыз бұрынғы жұбайы Түркияға Өзбекстан арқылы алып кеткен. Одан кейін әйел полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта бала анасымен бірге Қазақстанда.

Өзгелердің жаңалығы