Интернет алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек

28 Наурыз 2024, 15:01
289
Бөлісу:
Интернет алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керек
Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз аланында интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары туралы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ағымдағы жылдың екі айында 3 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелгенін айтты ІІМ Криминалдық полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.

Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде азаматтарға 4 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Оларды жасаудың ең көп тараған тәсілі, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландырулар орналастыру арқылы жасалатын Интернет-сауда. Әдетте,алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-алатөлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл 1 мыңнан астам осындай қылмыс тіркелді, - деді спикер.

Сондай-ақ осы секілді алаяқтардың құрбаны болмас үшін не істеу керектігіне тоқталды.

Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз. Екіншіден, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келісіңіз. Үшіншіден, тауардың бар екеніне көз жеткізіңіз, оның ішінде бейнеқоңырау арқылы. Егер сатушы басқа қалада болса, өзіңіздің таныстар немесе туыстарыңыздан тауарды алуды және жіберуді сұраңыз, - деп кеңес береді Жандос Сүйінбай.

Өзгелердің жаңалығы