Семейде интернат тәрбиеленушісі көз жұмды

20 Тамыз 2020, 10:39
1391
Бөлісу:
Семейде интернат тәрбиеленушісі көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласында жетім балаларға арналған мектеп интернаттың тәрбиеленушісі көз жұмды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Баланың өліміне бас миының ісігі себеп болған. Ресми парақшадағы мәліметке сүйенсек, облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені зерттеу үшін арнайы комиссия құрылған. 

Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, 17 тамызда Семей қаласының «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушісі қайтыс болды. Өлімінің алдын ала көрсетілген себебі – бас миының ісінуі.⠀

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін арнайы комиссия құрылды. Оны ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат басқарады. Жұмыс тобының құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы, ТКҚСҚБД, сондай-ақ қоғам өкілдері кірді.⠀

Әр баланың өлімі - қайғылы жағдай. Сондықтан әр жағдайды толыққанды зерделеп, зерттеу қажет. Айта кету керек, аталған мәселе облыс әкімінің жеке бақылауында, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы