Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшып бара жатып, апатқа ұшыраған ұшақта Informburo.kz шығарушы редакторы Дана Круглова қаза тапты.
Бұл ұшақпен баруы белгісіз еді, себебі Алматыда жоспарланған жұмыстары болатын. Алайда, Дана Жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен қарсы алуды қалап, осы рейспен ұшуға шешім қабылдады, - делінген Informburo.kz сайтында.
Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде дүниеге келген.
2016 Informburo.kz сайтына тілші болып жұмысқа кірген. 2019 жылдан бері порталдың шығарушы редакторы болып қызмет атқарған.
BAQ.KZ ұжымы Дана Круглованың отбасы, туыстары мен әріптестерінің қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы құлаған еді. Ұшақ Қызыл ту ауылына құлаған. 7 адам қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.
Сондай-ақ, зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек. Сонымен қатар, зардап шеккендердің тізімі жарияланды. Сондай-ақ, бортта болған жолаушылар тізімі жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Ауруханада тағы бір адам көз жұмып, қаза тапқандардың саны 15 адамға жетіп отыр.