Индустрия министрі Қытай зауыттарын аралап жүр

9 Шілде 2023, 15:33
1367
Бөлісу:
Индустрия министрі Қытай зауыттарын аралап жүр
Фото: gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясының «Нанькоу» өнеркәсіптік аймағына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ басшысы жел турбиналарына арналған арнайы құрылғылар шығаратын зауытта болды. Осы ретте SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясы әртүрлі қуаттылықтағы жел турбиналарын өндіру бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі екенін айта кеткен орынды. Сондай-ақ бұл компания автожолдарда пайдаланылатын арнайы техника, көп тонналық крандар, бұрғылау техникасы және басқа да ауыр техниканың ірі әлемдік өндірушісі ретінде белгілі.

Компанияның президенті және оның тең құрылтайшысы Джоу Фугуй мырза жұмыстың барысымен таныстырып, зауыттағы өндіріс процесін айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айында Мемлекет басшысының Сиань қаласына сапары барысында SANY Renewable Energy Co Ltd компаниясы, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, China Power International Holding Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы туралы төрт жақты меморандумға қол қойған болатын.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық орнатып, серіктестікті одан әрі дамыту туралы келісті. Сонымен бірге Қазақстан аумағында арнайы техника өндірісін жандандыру мүмкіндіктері де талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы