Индонезияда су басқан шахтада 13 кенші із-түзсіз жоғалып кетті

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына 325 маман жұмылдырылған. Олар арнайы сорғылар арқылы шахтадағы суды азайтып, жоғалған кеншілерді іздестіріп жатыр.

 Euronews 27 Қараша 2026, 07:50
27 Қараша 2026, 07:50
132
Фото: Euronews

Индонезияның Богор аймағында заңсыз алтын шахтасын су басып, 13 кенші жоғалып кетті. Оқиға қатты жауын-шашын салдарынан Чисеуреух өзенінің арнасынан тасып, тереңдігі шамамен 100 метр шахтаға су кіруінен болған.

Оқиға дүйсенбі күні кешке орын алған. Кеншілердің бір бөлігі шахта суға толмай тұрып сыртқа шығып үлгерген.

Алғашында жергілікті тұрғындар мен кеншілер суды өз күштерімен сорып шығаруға тырысқан. Алайда жағдай бақылаудан шыққан соң құтқарушылар көмекке келген.

Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарына 325 маман жұмылдырылған. Олар арнайы сорғылар арқылы шахтадағы суды азайтып, жоғалған кеншілерді іздестіріп жатыр.

Полицияға шахтада адамдардың қамалып қалғаны туралы хабарлама су басу оқиғасынан шамамен 16 сағат өткен соң түскен.

Айта кетейік, Индонезияда заңсыз кен өндіру кең таралған. Мұндай шахталарда мыңдаған адам қауіпті жағдайда жұмыс істейді. Негізгі қауіптердің қатарында көшкін, су басу және шахта тоннельдерінің опырылуы бар.

Наверх