Индонезияда Руанг жанартауы оянды

18 Сәуір 2024, 02:14
289
Бөлісу:
Индонезияда Руанг жанартауы оянды
Фото: trt.net.tr

Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда, деп хабарлайды BAQ.KZ TRT агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.

Индонезияның Солтүстік Сулавеси уәлаятына қарасты Руанг жанартауы атқылай бастады.

Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы жасаған мәлімдемеде лава мен күлді шашқан жанартауда жарылыс болып, дабыл деңгейінің екінші ең жоғары сатыға көтерілгені жарияланды.

Аймақта 838 адамның эвакуацияланғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы