Үкімет басшысы: Жол инфрақұрылымында халықаралық озық тәжірибені пайдаландық

17 Мамыр 2022, 12:30
1064
Бөлісу:
Үкімет басшысы: Жол инфрақұрылымында халықаралық озық тәжірибені пайдаландық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы шамамен 96 мың шақырымды құрайды. 

Жол көлік қатынасын дамыту үшін соңғы жылдары ауқымды жұмыс жасалды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы бойынша жоба іске асырылды. 2 мың шақырымнан астам жол ақылы жүйеге көшті. Бұл – жол инфрақұрылымын өзін-өзі қамтамасыз ету бойынша халықаралық озық тәжірибе, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол жолдарға қатысты халық тарапынан шағым айтылатынын алға тартты.

Дегенмен ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты халықтың шағымы да бар. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» компаниясы жолдарды күтіп ұстау мен қауіпсіздігі бойынша жұмысты күшейтуі қажет. Жалпы автожолдарды дамыту «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Ұлттық жобаға сәйкес 2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91%-ын және жергілікті жолдардың 85%-ын нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. Ол үшін жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырым автожолды қайта жаңғырту және жаңа жолдар салу бойынша ірі жобалар іске асады, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы