Түркістан облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды
20 Қаңтар, 14:42 617

Түркістан облысында қар құрсауында қалған жолаушылар құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қаңтар күні «112» қызметіне Созақ ауданында қар құрсауында қалып қойған азаматтар туралы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлады.

Оқиға Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жердегі «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолында орын алған. Шұғыл әрекеттің арқасында төтеншеліктер 26 жолаушы мен 1 баланы құтқарды. Олар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар Департаментінен 10 қызметкері мен 1 техникасы, облыстық полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 техникасы жұмылдырылған - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Ұланбел-Созақ-Екпінді» облыстық маңызы бар автожолының 577-642 шақырым жері жабылған болатын. Түркістан облысының ТЖД азаматтарды дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп және сақтық шараларын сақтауға шақырады


Фото: дереккөз
Загрузка...