Тегін диагностикалық көмекті қалай алуға болады?

17 Қаңтар 2022, 17:15
2035
Бөлісу:
Тегін диагностикалық көмекті қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, диагностикалық көмектің қажеттілігі туралы шешімді денсаулық жағдайыңызға қарай тікелей учаскелік дәрігер қабылдайды.

Кейде сақтандырылмаған жандарды да қандай тегін медициналық көмек алуға болатындығы қызықтыратыны анық. Қордың елорда филиалының баспасөз қызметі учаскелік қызмет деңгейінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек пакеті арқылы өтуге болатын талдаулар мен тексерулердің шағын тізімін ұсынып отыр.

Тегін талдаулар:

• Экспресс әдісімен несеп көрсеткіштерін (РН, лейкоциттер, эритроциттер, уробилиноген, нитриттер, ақуыз) анықтау
• Экспресс әдісімен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау
• Экспресс әдісімен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау
• Экспресс әдісімен қан сарысуындағы триглицеридтерді анықтау
• Жедел әдіспен зәрдегі адамның хорионикалық гонадотропинін (HCG) анықтау (жүктілік сынағы)
• АИВ (ВИЧ)-1,2 антиденелерін және р24 антигенін экспресс әдісімен анықтау
• Қан сарысуындағы Treponema Pallidum антиденелерін экспресс әдісімен анықтау (мерезге экспресс тест)
• Экспресс әдісімен қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жалпы антиденелерді анықтау
• Экспресс әдісімен қан сарысуындағы HBsAg анықтау
• амниотикалық сұйықтық болуын анықтау үшін жағындыны экспресс әдісімен зерттеу
• Эритроциттердің (ЭШЖ) қанда шөгу жылдамдығын қолмен өлшеу
• Экспресс әдісімен қандағы гемоглобинді анықтау
• Экспресс әдісімен қандағы лейкоциттерді анықтау
• Экспресс әдісі арқылы тропонинді анықтау
• Экспресс әдісімен гликизацияланған гемоглобинді анықтау
• Экспресс әдісімен портативті анализаторда протромбин уақытын анықтау
• Стандартты сарысулармен ABO жүйесі бойынша қан тобын анықтау
• Моноклоналды реагенттермен (цоликлондармен) ABO жүйесі бойынша қан тобын анықтау
• Қанның резус-факторын анықтау

Тегін тексерулер:

• Диагностикалық флюорография
• Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрылыста) ашып жазу арқылы
• Автоматтандырылған аппараттарға жазу кезіндегі спирография
• Динамометрия
• Пульсоксиметрия
• Манту сынамасын жүргізу
• Диаскинтест жүргізу

Тегін рәсімдер:

• Асқазанды шаю
• Ингаляцияны жүргізу
• Тыныс алу жолдарын электр сорғымен санациялау
• Құлық тығындары мен барабан қуысын шаю
• Мұрын қуыстарын санитарлық тазарту
• Назогастральды зонд қою
• Дуоденальды зондтау
• Несеп жолын катетерлеу
• Көзді жуу (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда)
• Дезо таңғышын тарту
• Субконъюнктивалық инъекция (дәрілік заттардың құнын есепке алмағанда)

Емшара кабинетінің қызметтері:

• Бұлшықетке жасалатын инъекция
• Вена арқылы жасалатын инъекция
• Тері астына жасалатын инъекция

Қызметтерге дәрілік заттарды есепке алмай көрсетілген. 

Бір ескерерлігі, диагнозды нақтылау немесе мамандандырылған жоспарлы көмек көрсету үшін кеңейтілген консультациялық-диагностикалық көмек қажет болған жағдайда сақтандыру мәртебесі қажет болады.  

Қазір әрбір емханада Пациенттерді қолдау қызметі жұмыс істейді. Қызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқандығына және оның басшылығына бағынышты болуына қарамастан, оның мақсаты қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылады. Яғни, ол пациенттерге медициналық қызметтерді тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылауға, бұрмалаушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.

Өзгелердің жаңалығы