Қазақстандық теннисші Минскіде өткен турнирде топ жарды
23 Қаңтар, 12:40 664

Қазақстандық теннисші Минскіде өткен турнирде топ жарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дамир Жалғасбай Минск қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
 
Дамир әуелі белоруссиялық Станислав Балибенкомен бірге жұптық сын финалында Владимир Кадобине (Беларусь) – Артемий Лазаревті (Ресей) 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал жекелей сында соңғы бәсекеде ғана ресейлік Алексей Фроловқа есе жіберді – 4:6, 1:6.

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...