Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды

23 Қаңтар 2022, 12:22
2052
Бөлісу:
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жайында сыртқы саяси ведомствоның Telegram парақшасынан белгілі болды. Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атады. 

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап», Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады. 

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәнім жоқ. Кеңес мүшелері Қазақстан бейбітшіл, БҰҰ Жарғысында қамтылған міндеттемелерді орындауға қабілетті және дайын мемлекет бола отырып, Жарғының қағидаттарында қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға белсенді және сындарлы ықпал ететініне сенімді, - деп атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы