Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

10 Тамыз 2022, 18:25
1455
Бөлісу:
Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді
PHOTO
Фото: автордан

11 тамыз күні елордада кубикті жылдам жинайтындар арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жылдам ойлауды қажет ететін спидкубингтен өтетін чемпионатқа 13 елден 116 адам қатысады, оның ішінде Қытай, Жапония және Үндістан ойыншылары бар.

Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спидкубингтен Азия чемпионаты екі жылда бір өтеді.  Қабылдаушы елді үміткерлер арасында өткізілген байқау арқылы анықтайды.

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші болып чемпионатты өткізіп отыр. Оған қоса бұл ТМД елдеріндегі алғашқы чемпионат.
Спидкубингтен Қазақстан федерациясы 2018 жылы құрылған. Содан бері кубик жинаушылар арасында түрлі сайыстарды ұйымдастырып, өткізіп келеді.

Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

Бүгінгі таңда елімізде кәсіби кубик жинайтындар саны 1000-нан асып кетті. 2017 жылы олардың саны бар болғаны 16 ғана еді. Жарыс 17 ереже бойынша өтеді, яғни классикалық 3х3 кубигін жинаудан бастап, көзді жауып қойып кубик жинау сияқты түрлері де қамтылған. Әр қатысушының өіне тән ұтымды тұсы бар, міне сол бойынша қатысады. Чемпионаттың басты мақсаты – жастар арасында бұл ойынды кеңінен танытып, насихаттау. Бұл ойын елімізде соңғы 7 жылдан бері жақсы дамып келеді,-дейді Kazakhstan Speedcubing Federation президенті Арман Машимов.

Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді

Чемпионатқа қатысушылар бүгін дайындықтарын пысықтап, шыңдалу үстінде. Сайыс 11-14 тамыз аралығында өтеді.

Сонымен қатар Азия чемпионаты аясында кубик жинау шеберлері әлемге танымал адамдардың бейнесін кубикпен құрастырып шығады. Бүгін олар әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесін құрастыру үстінде. Алдағы күндері бокс майталманы Генадий Головкиннің бейнесін құрастыруды жоспарлап отыр. Кәсіби спидкуберлер үшін адамның бейнесін құрастырып шығуға 5-7 сағат уақыт кетеді екен.
 

Қазақстанда спидкубингтен Азия чемпионаты өтеді
Өзгелердің жаңалығы