Қант қоры 10 күн сайын толықтырылады – ШҚО әкімі

24 Мамыр 2022, 13:45
1009
Бөлісу:
Қант қоры 10 күн сайын толықтырылады – ШҚО әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО әкімі қалалар мен аудандардың әкімдерімен, сондай-ақ басқарма басшыларымен бірнеше маңызды мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Алтайньюс.

Кеңес барысында талқыланған ең бірінші мәселе  қалалардың айналасындағы және ішіндегі жасыл белдеулер туралы болды.

Биылға жылы өңірде миллионға жуық ағаш отырғызу жоспарланған.

Мен қала әкімдеріне көгалдандыру жоспарына түзетулер енгізуді тапсырдым. Әр қала үшін қосымша ағаштар мен бұталар отырғызылсын. Өскемен мен Семей үшін-30 мың көшет. Риддер мен Алтай үшін 15 мыңнан, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, күн тәртібінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мәселесі де қаралды.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен қырыққабат жеткізуге келісімшарттар жасалды. 200 тоннаның 75-і ӘКК сауда нүктелерінде орналасқан. Әр 10 күн сайын қант қоры толықтырылады. Ұнды жеткізу туралы келісім бар. Біз үй жанындағы дүкендерді тексеруді жалғастырамыз, бағаның өсуі, баға белгілері мен шот-фактуралардың болмауы үшін кәсіпкерлер жазаланады, - деп түсіндірді облыс әкімі.
 

Өзгелердің жаңалығы