Парламентте халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар көбеюі қажет – сенатор

24 Мамыр 2022, 19:56
1731
Бөлісу:
Парламентте халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар көбеюі қажет – сенатор
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев елордадағы Көлік және коммуникация жоғары колледжінің студенттерімен кездесті.

Ол студенттерге референдумды өткізудің мән-мағынасын түсіндірді.

Оның айтуынша, басқа дамыған елдер біздің еліміз сияқты Конституциясын, саяси жүйесін өзгертіп, осындай алдыңғы қатарлы елге айналып отыр.

Бізге Парламентімізді өзгерту керек. Халық Парламенттің құрамына биліктің басқару жүйесіне қатысатын өз өкілдерін сайлауы керек. Қазіргі Парламент дұрыс па? Менің ойымша, үлкен өзгерістер керек. Қазіргі Парламентпен жаңа өзгерістерді жасап, «Жаңа Қазақстанды» құрамын деп айта алмаймын. Өйткені нағыз Парламентте халықтың өкілі болуы керек. Халықтың сөзін сөйлейтін азаматтар көбеюі қажет. Сонда ғана өзгерістер болады, - дейді сенатор.

Күрішбаевтың атап өткендей, Президент өзі бастап партиядан кетті. Енді бұрынғыдай партияны әкімдер басқармайды. Яғни AMANAT партиясы басқа партиялар сияқты болып қалды. 

Енді нағыз бәсеке басталады. Жаңа партиялар құрылып жатыр. Бұрын партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың адам болуы керек болды. Кейін 20 мың адамға қысқарды. Енді қазір тек 5 мың адам болса жеткілікті. Яғни партия құру үшін 5 мың адам қол қойса жеткілікті, - деп түсіндірді Ақылбек Күрішбаев.

Өзгелердің жаңалығы