Кредиттік рақымшылық мәселелері бойынша дәйексіз ақпарат таратылып жатыр

24 Мамыр 2022, 19:45
1422
Бөлісу:
Кредиттік рақымшылық мәселелері бойынша  дәйексіз ақпарат таратылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Facebook) және мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram) «кредиттік рақымшылық» жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын мәлімдейді. 

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының  2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»  ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда.

Осы Қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді. 

Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бір реттік бастама болды.

Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз. 

Өзгелердің жаңалығы