«Омикрон» штамынан соң пандемия аяқталуы мүмкін

24 Қаңтар 2022, 16:51
1463
Бөлісу:
«Омикрон» штамынан соң пандемия аяқталуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Омикрон» штамынан соң СOVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін. ДДСҰ осылай деп болжам жасады.

Ұйымның өкілі Клюгенің айтуынша, әлемдегі пандемия жаңа штамнан соң бітеді деп жазды Lenta.ru.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге өңірде пандемия аяқталу сатысына жақын деп есептейді. 

Оның айтуынша, Еуропада «Омикрон» штамының бірден өршу кезеңі орын алған соң жаһандық иммунитет қалыптасады. Сондай-ақ ол жаппай вирус жұқтыру немесе вакцинация, сонымен қатар індеттің маусымдық ерекшеліктері себебінен орын алады.

Біз коронавирус инфекциясының тынышталатын кезеңін күтудеміз. Ол қайтадан жыл соңында өршуі мүмкін. Бірақ бұл пандемия қайта оралады деген сөз емес, - деп атап өтті Ханс Клюге.

Алайда ғалымдар әлемде коронавирустың «Омикронға» қарағанда барынша жұқпалы штамы пайда болуы мүмкіндігін ескертті. Мұны вирустың жаңа нұсқасы көп жұққан сайын соғұрлым өзгеріске бейім келетіндігімен түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы