Омикрон. Дәстүрлі форматта оқыту қалай жүргізіледі?

20 Қаңтар 2022, 14:04
1236
Бөлісу:
Омикрон. Дәстүрлі форматта оқыту қалай жүргізіледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Оның айтуынша, оқушылардың дәстүрлі форматта оқытылуына қатысты мәселе ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында талқыға түскен.  

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Вице-премьер инфекцияның таралуын тежеу үшін азаматтарды вакцинациялау және реакцинациялау қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ індетті емдеу үшін жаңа дәрілік препараттарды ерекше жағдайларда қолдануды қолдады, - деп атап өтті Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар ол эпидемиологиялық ахуалдың 5,6 есе нашарлағанына тоқталды. Ведомство таратқан деректер бойынша, сырқаттанушылықтың жоғары өсуі Қарағанды облысында - 28 есе, Алматы облысында - 11 есе, Атырау, Ақмола облыстарында және Алматы қаласында - 9-9,5 есеге байқалған. Алайда оқытудың штаттық форматына рұқсат етіліп отыр.

ВАК талқылауының қорытындысы бойынша оқытудың штаттық форматына рұқсат беру ұсынылды:
• мектепке дейінгі ұйымдарда - ата-аналардың өтініштері бойынша («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда); 
• оқушы саны 600-ге дейін (қоса алғанда) жалпы білім беретін мектептерде;
• оқушы саны 600-ден асатын жалпы білім беретін мектептерде -жобалық қуаттың 50% - ынан аспайтын жүктемемен;
• жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 1-4 сыныптар (халықаралық мектептерде 5-6 сыныптарды қоса алғанда);
• мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында), ересектерде-жеке және топтық сабақтар-8 адамға дейін;
• колледждер мен жоғары оқу орындарында-аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді график бойынша штаттық режимде, дәрістер-онлайн.

Орта білім беру ұйымдарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында барлық білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына ауыстыру карантин режимін бұзушылықтар анықталған кезде қолданылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы