Коронавирус. Жамбыл облысында жағдай күрделі

20 Қаңтар 2022, 13:59
1523
Бөлісу:
Коронавирус. Жамбыл облысында жағдай күрделі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінге дейін Жамбыл облысы аумағында COVID-19 індетінің 23 275 жағдайы тіркелсе, пневмонияға 8 361 тұрғын шалдыққан.

Ал өткен тәулікте 257 адам коронавирус жұқтырса, 6 адам өкпе дертімен ауырған. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.

Әскерге шақырылушылар арасынан 125 жағдай, басқа облыс тұрғындары арасынан 99 дерек тіркелді.

Пневмония туралы тарқатып айтсам, Тараз қаласының  2478 тұрғыны, Байзақ ауданынан – 1141 тұрғын, Жамбыл – 705, Жуалы – 745, Қордай – 300, Т.Рысқұлов – 433, Меркі – 939, Мойынқұм – 196, Сарысу – 558, Талас – 527, Шудан 328 адам ауырған. Басқа облыс тұрғындары арасынан 5 жағдай тіркелді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда – 373 науқас ем алып жатса, оның 28-і реанимацияда жатыр. Карантиндік стационарға 87 азамат орналасты. 10 зертханада тәулігіне шамамен 2600-2800 ПТР зерттеу жүргізілуде, - деді Әсет Әскерұлы. 

Оның айтуынша, облыс бойынша 23 АМСК ұйыдарында 45 егу пункттері бар, олардың ішінде 16-сы қалада, 29-ы аудандарда орналасқан. Бүгінде 66 824 адам ревакцинациядан өткен.

Өзгелердің жаңалығы