Елордада «Sparta astana x gimpext turkey» турнирі өтеді

28 Маусым 2022, 17:10
1561
Бөлісу:
Елордада «Sparta astana x gimpext turkey» турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  5 шілде күні  «Астана Арена» аланыңда  тұңғыш рет қала күніне орай Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен концерттік бағдарламасы бар медия футбол лигасының жолдастық шоу-матчі өтеді. 

Іс-шараның мақсаты - Қазақстанда спортты дамытуға және танымал етуге, сондай-ақ спорттың инклюзивті мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған ірі әрі көпшілікке ортақ мәдени-спорттық іс-шараларды ұйымдастыру. 

Ойынға Олимпиада чемпионы Серік Сапиев, «Великолепный Век» сериалының бас кейіпкері Эркан Кёстендиль, КВН Жоғары лигасының чемпиондары Дидар Ислам, Данияр Джумадилов, Галатасарай футбол командасының экс-ойыншысы Джихан Хасполатлы және басқа да танымал тұлғалар қатысады. 

Аталған жоба спорт федерациясы қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы